"Өзбекстанды қараңыздар". Бектенов көңілі толмайтын жайтты айтты

"Өзбекстанды қараңыздар". Бектенов көңілі толмайтын жайтты айтты
Үкімет отырысынан скриншот
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығындағы цифрландыру мәселесіне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығындағы цифрландыру мәселесіне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Өзбекстан біздің технологияларды пайдаланып отыр. Ал біз неге қолданбаймыз? Неліктен Өзбекстан ақша бөліп, біздің айтишниктер жұмыс істеп жатыр. Ал сіздер неге қолданбайсыздар? Су үнемдемейсіздер ме? Міне, осы технологияларды пайдаланып, су үнемдеңіздер", – деді Үкімет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артатынын мәлімдеген болатын. 

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімін екі есе ұлғайту жөніндегі жол картасы аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасады. Барлық тиісті көрсеткіш әкімдіктерге жеткізілген.

“Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 миллион гектарға егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға көп”, — деді министр.

Әртараптандыру аясында рентабельдігі жоғары дақылдардың көлемі 750 мың гектарға ұлғаяды.

“Оның ішінде: майлы дақылдар – 365 мың га,азықтық дақылдар – 184 мың га, арпа – 114 мың га, қарақұмық – 41,5 мың га, картоп – 15 мың га болады”, — деп қосты ол.

Сонымен қатар бидайға тәуелділікті азайту мақсатында егістік құрылымын өзгерту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы екі жылда бидай алқабы 730 мың гектарға, ал биыл 159 мың гектарға қысқарған.