Кеңесте Маргиналды жастар, есепте тұрған, тәуекел топқа жататын жастар және аудан жастары арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу , бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция ювеналды полиция тобының аға инспекторы Т.Меңлібаев, ана мен бала өлімінің алдын алу және жас отбасыларға қолдау көрсету, жастар арасында суицит пен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы ау¬¬дандық емхананың бас дәрігері Ф.Шырынбеков есеп берді. Сондай-ақ жиында Талапты, Қоғам, Шәуілдір ауыл округтерінің әкімдері жастар саясаты бойынша ауыл округ көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Ішкі істер бөлімі берген мәліметке сүйенер болсақ облыс бойынша біздің аудан басқа аудандарға қарағанда қылмыс жасау жағынан төменгі сатыда екен. Дегенмен, жастар арасындағы келеңсіз жағдайларды алдын-алу, мәселен, өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид, қыздар арасында ерте жүктілік, маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық сынды жат әрекеттерден сақ болу үшін ауданның психолог мамандары мен ішкі істер қызметкерлері және жастар бірлесе жұмыс атқару керектігін айтқан аудан әкімінің орынбасары Пердехан Абайұлы тиісті сала басшыларына тапсырды. Кеңес мүшелері жиында есеп берген ауыл округ әкімдері мен сала басшыларына түрлі сұрақтар қойып, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.
Мәжілісте қорытынды сөз сөй¬леген аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов жұмысты әлі ширату керектігін, жастар арасындағы қылмысты азайту үшін мәселесінің тиянақты шешілуіне баса назар аудару қажет екенін, келесі кеңес мәжілісінде барлығы формальді түрде өтпей нақты, өзекті деген мәселелерді қарау керектігін ерекше атап өткен аудан әкімінің орынбасары бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директоры Б.Әділханов «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ауданымыздан 120 жасты жұмыспен қамту жоспарда барын айтып, әр ауыл округ жастарын осы бағдарламаға жұмылдыруды қатыстырсаңыздар деген ұсынысын білдірсе, кеңес мүшелері жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алу үшін кәсіби мамандар келіп ұстаздар мен ата-аналар арасында арнайы жиындар өткізсе деген ұсыныстарын айтты.