Өскемендегі Жамбыл саябағын тазалауға 140-тан астам адам атсалысты

Dalanews 18 сәу. 2024 17:09 2056

Мемлекеттік мекемелердің және мәдениет саласының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар бүгін Жамбыл саябағын қоқыс пен жапырақтан тазалады.


ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің бөлім меңгерушісі Айгүл Чукаеваның айтуынша, 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні.

– Бүгін біз саябақ аумағын тазалап жатырмыз. Жамбыл саябағы -мәдениет тарихы, бұл біздің мұрамыз. Біз бәріміз акцияны қолдаймыз және барлық азаматтарды, қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырамыз. Егер бәріміз аулалар мен көшелерді тазалауға жұмылсақ, біздің қала таза болады, - деді Айгүл Чукаева.


Айта кетейік, республикалық акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады, «Таза өлке» деп аталған алғашқы аптада көшелер мен аулала тазартылса, «Киелі мекен» атты екінші апталық тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар