Өскемендегі Даңк мемориалында 7 мыңнан астам шырақ жағылды

Dalanews 10 мам. 2024 08:20 3418

Екінші жаһан соғысында ел қорғаны болған батырлардың даңқын әйгілейтін «Мәңгілік алау». Шынымен де, бейбіт күнді жақындатқан майдангерлердің маздағы өшпек емес. Өйткені санасы сергек ұрпақ бар. Олар бүгін де жылдағы әдеттен жаңылмай "Даңқ" мемориалының қасынан табылып, бабаларын еске алып шырақ жақты, деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.
Бұл кештегі ән мен әуен, театрландырылған қойылым — бәрі де, сол бір қилы заманды, зұлмат жылдарды көз алдымызға әкелгендей болды. Сонымен бірге бүгінгі бейбіт күннің бағасы артып, мәртебесі асқақтай түскендей. Сірә да, адам жанына барабар бір асыл болса, ол - бостандық, ол - бейбітшілік.

Акцияға қатысушылардың арасындағы белсенді топ - жастар да осындай ой түйген болар. 
Дәстүрлі акцияны Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бастап берді. Осыдан кейін көпшілік тегіс ұмтылып, жеті мыңнан астам шырақ жақты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар