Freedom Inside '26

Әлемнің екінші ракеткасы сүрінді: Рыбакина Берлин турнирінен шығып қалды

Әлемнің екінші ракеткасы сүрінді: Рыбакина Берлин турнирінен шығып қалды
Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өткен WTA 500 санатындағы жарысты сәтсіз бастады. Ол алғашқы матчында-ақ жеңіліп, турнирмен қоштасты, деп dalanews.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1/8 финалда Рыбакина Филиппин өкілі Александра Эалаға қарсы кортқа шықты. Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:4 есебімен Эаланың жеңісімен аяқталды.

Бұл нәтиже жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды. Себебі Рыбакина жарыстың басты үміткерлерінің бірі ретінде қарастырылған. Ол турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен еді.

Ал Эала бұл жеңістен кейін ширек финалға жолдама алды.