Өскеменде той кортежі жолда "шоу" жасап, алты адам жауапқа тартылған

Өскеменде той кортежі жолда "шоу" жасап, алты адам жауапқа тартылған
видео кадры

Өскеменде жол ережесін бұзған той кортежі тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сәтбаев даңғылында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған той кортежін анықтаған. Бейнежазбада кортеж құрамындағы көліктердің бірінде жолаушылар қозғалыс кезінде терезеден басы мен денесін шығарғаны көрінеді. Мұндай әрекет жолаушылардың өздеріне ғана емес, жолдағы басқа да адамдарға қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, көліктердің бірінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарған.

"Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бес адам ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша, тағы бір жүргізуші осы баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция.