“Үйін сағынған”: Өскеменде әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды

“Үйін сағынған”: Өскеменде әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды
gov.kz

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының мәліметінше, қатардағы жауынгер А.Е. Мархан әскери полиция қызметкерлерінің күшімен облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілген.

Ведомство сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру басталып, оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынуына байланысты қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен.

Сондай-ақ тексеру барысында әскери қызметшіге қатысты командирлер немесе бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қайшы қарым-қатынас жасау немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері анықталмағаны хабарланды.

Еске салайық, 27 шілдеде Өскеменде мерзімді әскери қызметшіге іздеу жарияланған болатын