“Орташа жалақыдан 6 есе жоғары”. Қазақстандық шенеуніктердің қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қаракөз Амантай 07 ақп. 2025 11:53 2163

2024 жылы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ең жоғары жалақы Премьер-министр мен оның орынбасарларына тиесілі болды. Олардың айлық табысы орта есеппен 2,46 миллион теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа жалақыдан (390,3 мың теңге) 6 есе жоғары, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ГосАрхив телеграм арнасы жалақысы жоғары лауазымдарды атады.

“Министрлер мен олардың орынбасарлары1,52 млн теңге, Мәжіліс депутаттары1,26 млн теңге, Сенат депутаттары1,13 млн теңге, Облыс және ірі қала әкімдері1,69 млн теңге алады”, — деп мәлімдеді дереккөз.

Ал әйел шенеуніктердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары болған.

Мәселен, Мәжілісте жұмыс істейтін әйел депутаттар орта есеппен 1,92 млн теңге алса, ерлер – 1,09 млн теңге табыс тапқан.

Ал облыс орталығы болып саналатын қалалардың әкімдері ең төменгі жалақы алған – 836,9 мың теңге.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қай өңірдің тұрғындары ең көп жалақы алатынын айтқан болатын.

Шенеуніктің сөзінше, мұнай кәсіпорындары орналасқан аймақтың тұрғындары жалақыны көп алатынын айтты. 

Бұл батыс өңірлері: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары. Бірақ мен бірден назар аударғым келетін жайт: олардың өңірлердегі орташа жалақысы жоғары, ал қалғандары мұнай саласында жұмыс істейтіндердің жалақысы, мысалы, мұғалімдер мен дәрігерлер, олар орташа алғанда республикадағыдай жалақы алады.

Кеншілер үшін де олардың қай аймақта жұмыс істейтініне байланысты. Егер олар шахтада жұмыс істесе, онда бір жалақы, егер шахтадан тыс болса басқа жалақы», - деп түсіндірді Дүйсенова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар