Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік: АҚШ жаңа халықаралық коалиция құруды ұсынды

Қаракөз Амантай 30 сәу. 2026 09:12

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық коалиция құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

The Wall Street Journal басылымның мәліметінше, бұл бастама АҚШ Мемлекеттік департаментінің ішкі құжатында көрсетілген. Онда америкалық дипломаттарға басқа елдердің үкіметтерін жаңа коалицияға қосылуға үгіттеу тапсырылған.

"Теңіздегі еркін кеме қатынасы коалициясы" (Maritime Freedom Construct, MFC) деп аталатын бұл бастама аясында қатысушы елдер ақпарат алмасып, дипломатиялық іс-қимылды үйлестіреді және санкциялардың орындалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Жаңа коалиция АҚШ жетекшілігімен жұмыс істейтіні айтылған. Сонымен қатар ол Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Франция мен Ұлыбритания бастамаларын толықтыра түседі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove