Қорғаныс министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, ел аумағында жарияланатын ерекше кезең деп әскери және төтенше жағдай немесе антитеррорлық операцияны атайды.
Аталған мекеме бұдан бөлек ерекше кезеңде БАҚ, әлеуметтік желілердің әрекетін бақылауға алуды ұсынады.
Қазір бәрі әлеуметтік желіне бақылауға алғыш болып кетті. Мұның соңы жақсылыққа апармасы анық. Оны кешегі Қаңтар оқиғасы соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп берді емес пе? Осыны біле тұра біздің биліктің бір орға қайта-қайта түсе беретіні қызық.
Халқы Қорғаныс министрлігін аты-жөні сынамйтыны белгілі. Әскерге алынған балалар ай жарым болмай өлім құшып, оқ-дәрі қоймасы жарылып жатса, мұндайда қалай үндемей отыруға болады? Бұл мүмкін емес қой.
Министр Руслан Жақсылықов халықтың аузын жапқызғанша қазақ тілін үйреніп, әскердегі әлемжеттікті тыйып алсын. Сол кезде оған ешкім «әңгіме» айтпады.
Айтпақшы, Қорғаныс министрлігі бұл ұсыныстарын "әлемдік тәжірибеге" сүйеніп, жасап отырғанын жеткізді. Ерекше кезеңде бұл талаптың бәрі тек елдің жоғарғы басшылығы тарапынан енгізілетінін жеткізген.
Конституцияға сәйкес, елімізде цензураға тыйым салынған, әрбір адам еркін ақпарат алуға, тартуға еркі бар.
Қорғаныс министрлігі мұндай ұсынысын Қаңтар оқиғасынан 11 ай өткеннен кейін мәлімдеп отыр. Астана ҰҚШҰ әскерінің көмегіне жүгінді. Елде толық төтенше жағдай енгізіліп, "антитеррористік операция" жүргізілді. Барлық аймақтарда интернет байланысы болмады. Ресми мәліметке сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапқан.
Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін, елдің Қылмыстық кодексіне орыс армиясы туралы "жалған ақпарат" таратушыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде жаңа бап енгізді. Ресейдің құқық қорғаушыларының мәліметінше, жүздеген адамға "жалған ақпарат" таратты деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.