Ордабасылық оқушы саңырауқұлақ өсіріп, кәсібін бастады

Dalanews 08 мау. 2022 05:22 919

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан.

Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы оны Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен.

Осылайша өзіне керекті ақпарат алған Дінмұхамед саңырауқұлақ өсіруге кірісіп, нәтижесінде 25 күнде дайын өнім алған.

– Әу баста 50 мың теңгеге саңырауқұлақ ұрығын, 10 мың теңгеге қауыз сатып алдым. Ал су, газ шығындарына жобамен 10 мың теңгедей қаржы жұмсалды.


Арнайы бөлме ішіне еккен ұрықтардан 63 блок (мешочек) өнім шықты. Дайын өнімнің бір келісін 1000 теңгеден сатылымға шығарудамыз. Бір блоктағы саңырауқұлақ 20 күнде пісіп, 2- 4 келіге дейін өнім аламыз. Негізінде бір блок 4 рет таза өнім береді. Оның алғашқы 3 өнімі сатылымға шығарылса, соңғысы консервіге жабылады, – дейді жас агроном.

Алдағы күндері бала агроном мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алу арқылы үйіргелік жеріндегі кәсібін дамытуды көздеп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар