Оралда заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізгендер тергеуге ілінді

Көркем Алдабергенова 18 нау. 2026 09:26

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.

Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген.

Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген.

Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан астам қарыз берілген.

Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove