Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында маршруттық автобус өртеніп, жалын аялдама шатырына тараған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға Зачаганск кентінде Жұмағалиев көшесінің бойында болған. Автобус аялдама маңында тұрған кезде өрт шыққан.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автобустың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Өрт аялдамамен бірге орналасқан дүкеннің шатырына да тараған.
Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 шаршы метрді құраған.
Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күшімен өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.