Опырылып түсуі мүмкін: Майқайыңда жоғалғандарды іздеу жұмыстары шұғыл тоқтатылды

Азамат Қойшығара 05 ақп. 2024 10:25 875

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бүгін Майқайың алтын кенішінде мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды.

"Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазір ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды", – деп жазды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режімде жұмыс істеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар