Оо

Оо
Бірқатар лауазымды қызметтер атқарған мемлекет қайраткері, Шымкенттің экс-әкімі Амалбек Тшанов Дикий Арманмен арада болған оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірқатар лауазымды қызметтер атқарған мемлекет қайраткері, Шымкенттің экс-әкімі Амалбек Тшанов Дикий Арманмен арада болған оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, заңға қарсы іске барған Назарбаев әулетіне тықыр әлі де таянбай тұр, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ.

"Шын мәнісінде Қаңтардан кейін халықтың көңілін орнына келтіру үшін Әділетті Қазақстан деген сөздің мағынасы терең. Халықтың бойына сіңіп, ел оны көзімен көруі керек еді. Өкінішке қарай, бәрі ұран болып қалып жатыр.

Мысалы, бұрынғы Президенттің отбасын алайық. Қазір қыздарының рейдерлікпен тартып алған дүниесін жұрт бақырайтып жатыр. Бірақ ешқандай шара қолданылмайды. Утильсбор дегенді білесіз ғой. Мамин мен Әлиясының жасаған тірліктерінің бәрі, лауазымды қызметте отырған адамның отбасының сондай жағдайға баруы тек Қазақстанда ғана болуы мүмкін, - деді Тшанов Демократиялы Қазақстанға берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол кезінде Алматы әкімі болған Байбек, Есімовтердің жемқорлыққа қатысы бары екенін айтты.

"Қатысы болмаса, қашып жүре ме? Алматыда қызмет істеген әкімдердің қай-қайсы болмасын, оларды тексере келсеңіз бәрі де шығады.

Байбек таза болса, неге қашып жүр?! Есімов те солай. Мынау кімдікі десең, жұрттың бәрі "Есімовтікі" дейді. Мынау кімдікі десең, "Байбектікі" дейді.

Олардың кім екеніне халықтың өзі бағасын беріп жатыр. Көпшілік қалт айтпайды деп дұрыс айтады", - дейді ол.

Шымкент әкімі болған Амалбек Тшановтың сөзінше, Дикий Арман оның жиенін соққыға жыққан.

"Дикий Арман асып бара жатқан ешкім емес. Қасына он-он бес адам жинап алып жүрген адам өзінше батыр болады ғой. 2005-жылдары депутат болып жүрген кезде Дикий Арманның іс-әрекетіне куә болғанмын.

Жиенім, туған қарындасымның баласының автобазары болатын. Соны басқаратын. Сол жерге (Дикий Арман - еск.) көлігін сатайын деп барған. (Жиені - еск.) өзі дәу жігіт. Соны бұлар 4-5 адам жабылып, әбден ұрып, өлердей сабап тастаған.

Ол кезде депутатпын. Прокуратураға беріп, сөйтіп сол кезде қаматқанбыз", - деді ол сұхбатында.

Тшанов осы жайтқа кейін Дариға Назарбаева араласып, Дикий Арман бостандыққа шыққанын жеткізді.

"Артынша Дикий Арманды Дариға Назарбаеваның тікелей араласуымен шығарып алды. Парламентте де бұл мәселені көтергенмін. Парламентте "Дикий Арман билікпен сыйбайлас болып, осындай тірліктер істеп жатқанының бәрін" айттым. Артынша оны босатты. Оның хаты бар. Менде хатының көшірмесі әлі күнге дейін бар.

...Бәрі болған оқиға. Сол кездегі биліктің әбден көзін шел басып кеткен. 2005-2006 жылдары басталған, одан бері қанша заман өтті?!" - деді мемлекет қайраткері.