Оны ұстағандарға 5 млн доллар сыйақы да ұсынылған: ең көп ізделген қылмыскерлердің бірі ұсталды

Оны ұстағандарға 5 млн доллар сыйақы да ұсынылған: ең көп ізделген қылмыскерлердің бірі ұсталды
ашық дереккөз

Мексикада құқық қорғау органдары Лос-Рейес есірткі картелінің жетекшісі, Пончо лақапатымен белгілі Альфонсо Фернандес Магаллонды ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Арнайы операцияны Мексиканың құрлықтағы күштері жүргізген. Бұған дейін АҚШ билігі Магаллонды ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 5 миллион долларға дейін сыйақы жариялаған еді.

Roya News басылымының жазуынша, Альфонсо Фернандес Магаллон - АҚШ-та ең көп іздеуде болған қашқындардың бірі.

Ол адам ұрлау, есірткі өндіру және есірткі тасымалдауға қатысты қылмыстар бойынша айыпталып отыр. Сонымен қатар, кейбір мәліметке сәйкес оның 2025 және 2026 жылдары Мексика әскеріне жасалған дрон шабуылдарына да қатысы бар болуы мүмкін.

Картель жетекшісі ұсталғаннан кейін Los Reyes мүшелері Мичоакан штатындағы бірнеше жолды жауып, баррикадалар орнатқан және ондаған көлікті өртеген. Қазір өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қосымша әскери күш жұмылдырылған.