Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтың сөзінше, Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуына рұқсат беретін жүйе жақында іске қосылады.
"
Арнайы Сапар орталығын құру жұмысы басталды. Бұл ведомство Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға тіл үйретіп, құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдеседі.
Жобаны іске асыру аталған елге еңбектенуге барған азаматтарымыздың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғауға кепіл береді», - деді ол.
Сондай-ақ, жоба аясында Оңтүстік Кореяға барған отандастарымыз 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істей алады.
"Біз Оңтүстік Кореяға өз ұсыныстарымызды жолдадық. Келесі аптада олармен техникалық келіссөз жүргіземіз. Жалпы алгоритм қандай: біздің ұсыныстарды ол елдегі барлық мүдделі мемлекеттік органдар қарап, талдайды. Қазақстан осыдан кейін еңбек адамдарын экспорттайтын, Кореяның жүйесі тізіміне енгізіледі. Қазір ол жүйеде 16 ел бар. Басқа да мемлекеттер өтінім беріп жатыр. Бір жыл ішінде мәселе шешілуі керек. Мерзімін әлбетте, Оңтүстік Корея белгілейді. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді ол.
Фото: Tengrinews.kz