Оңтүстік жұртын қаралауды доғарыңыздар! Болды жетеді!

Dalanews 16 нау. 2018 17:28 663

Заңгер Айгүл Орынбек зорланды делінген 7 жасар баланың жағдайын дабыралатуды тоқтатуды сұрапты. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жазған екен. 

Тоқтаңдаршы болды ғой, баланы аясаңдаршы!

Зағипа Балиева баланы Оңтүстікке қайтарыңыз! Аружан Сайын анасын оңтүстікке жіберіңіз. Әбден күресіп біттіңіздер ме баланы ермек қылып! Болды доғарыңыздар рақмет! Араларыңызда қандай дау болып жатқанында жұмысым жоқ, бірақ баланы қорлағандарыңыз жетеді! Еліміздің Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров назарына! 
Жеті жасар баланың ісіне мені заңды анасының заңды өкілі ретінде танып, қылмыстық істің әділетті жүруіне қоғамдық бақылаушы ретінде қатыстыруыңызды сұраймын!

Оңтүстік жұртын қаралауды доғарыңыздар! Болды жетеді!
Зағипа ханым баланы әркімге көрсетіп, сіз зорланған бала жайлы кино түсіріп жүрсіз бе?

Неге бұл істі ушықтырып жібердіңіздер? Баланың психолигиясына әсер етіп жатқандарыңызбен жұмыстарыңыз бар ма? Былтыр жасөспірімдерге қатысты жабылып кеткен екі істі қоғаммен көтеріп, сотқа жеткізіп он екі жылға қаматқан болатынбыз!

Әр қалада отырып алып ақпараттық төбелес жасаудың қажеті жоқ! Бәріңізге рақмет баланы ешқайсың түсініп тұрған жоқсыңдар!
Зорланған -қорланған бала керек десең туған анасын көргісі келмей қалады.

Тәжірбиемде болған соң біліп айтып отырмын. Өтініш бұл іске Бас Прокуратурадан Салтанат Пархатовна тікелей айналысса дұрыс болар еді.

Ол кісінің тәжірбиесі мол және ең бірінші осы кісі дабыл қаққан Сарыағаштағы зорлық-зомбылық жайлы! Халықтың күшін саясаттағы өз жеке бас пайдаларыңызға пайдалануды қойыңыздар!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар