Атап айтқанда, 43 714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1 140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3 650 адам «Бастау – бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3 200 адам мемлекеттік грантқа, 3 050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 390 адам жастар практикасына, 12 947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.
– 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін биыл 23 972 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып үлгерді. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» жобасы бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқу 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 5 ағымда жүргізіледі. Жалпы "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар оқытылады, – деді Нұржан Кеңесбұлы.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Жанна Тілеубекова «Бастау – бизнес» жобасы бойынша оқыту карантинге байланысты онлайн форматта өтетінін хабарлады.