"Оны ортасы бұзды". Экс-депутат Назарбаевқа араша түсті

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2024 12:13 8089

Экс-мәслихат депутаты Мұхтар Есжанов "Abay Live" арнасына берген сұхбатында Назарбаевты не үшін жамандай алмайтынын ашық айтты. Есжанов 2000 жылдары Жоғары сот судьясы болған, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының соттарын басқарған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бағдарлама мәліметінше, Есжанов студент кезінде-ақ Назарбаевтың ерекше көзіне түскен, алдынан өткен, батасын алған. Содан болар экс-депутат Назарбаевты жамандыққа қимайтын сыңайлы.

"Көпшіліктің айтып жатқан кемшіліктеріне, көпшіліктің айтып жатқан пәленбай миллиард қаржы жеке басқа кетіп қалғаны жағына қосыламын. Өйткені көп деген - айна. Бірақ ол кісінің де жақсылығы болды. Байқайсыздар ма, ол кісі артық кетіп жатса да Қасым-Жомарт Кемелұлы ол туралы бір ауыз жаман сөз айтқан жоқ. Бұл тектілік дейді.

Назарбаев туралы қалай жаман айтамын?! Мен жақсылығын өзім көрдім. Жамандығын өзім көрген жоқпын.

Жоғары сотқа жіберген де сол кісі. Адамның жақсылығын айта білу де ерлік. Оны айту керек. Ол да адами қасиет. Енді кемшілік барлық адамда бар. Әрине, ол жалғыз өзі емес, қасында ортасы болды. Қазақта "профессорды апарып, екі жыл алқаштардың арасына қойсаң, профессордың өзі жаргонмен сөйлейді. Алқашты профессордың арасына апарып қойсаң, екі жылдан кейін Ньютонның тартылысын күшін айтып отырады" дейді.

Орта бұл жерде. Жалғыз Назарбаев бүлдірген жоқ. Айналасындағы азаматтар", - дейді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар