Өз кезегінде Respublica партиясының басшысы Айдарбек Ходжаназаров сүйінші сұрап, қуаншты жаңалықты Фейсбук желісіндегі парақшасында бөлісті. Ол «Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды.
Енді біз – еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі – ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті» деп ойын ортаға салды.
– Respublica партиясының тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын!⠀
Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді.⠀
Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын! – деді Respublica партиясының басшысы.
⠀