Олигарх Өтемұратов? Алтын бизнесі үшін мемлекеттен 126,8 млрд теңге көмек алған

Dalanews 24 мау. 2022 06:48 1340

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан даму банкі еліміздегі олигархтарға мемлекет қаржатын оңды-солды тарттып, бай-манаптардың әмиянына айналып кеткенін сынағаны есімізде. Содан кейін Назарбаев отбасына жақын жүретін талай байшы-кештің осы банктен миллиардтап ақша алғаны белгілі бола бастаған еді.

Dalanews.kz ақпарат агенттігі осыған дейін Қазақстан даму банкін ағайынды Нығматлидер мен Болат Әбілов те май шелпекке айналдырғанын жазған болатын. Ал Shishkin_like телеграмм каналы Қазақстан даму банкі арқылы бюджет қаржысына миллиардер Болат Өтемұратовтың да қол салғанын жазыпты.

Болат Өтемұратов елімізде ең бай адамдардың бірі. Олардың айналыспайтын бизнесі жоқ. Бөкең Қазақстанда алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік ететіні белгілі.

Ол алтын өндіру бизнесін өрістету үшін Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдары және 2015-2019 жылдары жалпы 126,8 млрд теңге несие алғаны мәлім болды.


Алтын өндірісі еліміздегі ең табысты салалардың бірі десек артық айтқандық болмас. Бірақ сол жылдары Қазақстан даму банкі көптеген мәселелерді аттап өтіп, олигархтың алтын өндірісін қолдауға қомақты несие бөлгенін түсініксіз. Осыдан кейін Қазақстан даму банкі Назарбаев отбасына жақын адамдардың әмиянына айналып кетті деген әңгімені түсінуге болады.

Shishkin_like каналы RG Gold, RG Processing компаниялары Назарбаев отбасына жақын жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі екенін жазыпты. Бөкең мемлекеттің қолдауы үшін бөлінген қомақты қаржыны сол кезде «Темірбанк» (қазіргі «ForteBank») арқылы қуып келген ғой.

2022 жылдағы мамыр айындағы жағдай бойынша 64 жастағы Болат Өтемұратов 2,8 млрд доллар байлығымен еліміздегі бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан.


ForteBank-тің 89,35%-ы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен), бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9%-ы Бөкеңнің игілігінде екенін айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар