"Олай демеңіз...". Қошанов Ресей елшісіне жауап қатты

Dalanews 07 жел. 2022 08:52 871

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы өкілетті елшісі Алексей Бородавкиннің «Қазақстанда радикалды ұлтшылдық пен русофобия» бар деген сөзіне пікір білдірді.

«Бородавкин мырзаның сұхбатымен танысып шықтым. Кейбір тұсында өзінің лауазымына сай келмейтін сөздер айтқан. Дегенмен, Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат. Оны бұрыннан білеміз.

Біріншіден, ол саясаттанушылар мен үгіт-насихатшылар сияқты сөйлемеуі керек.

Екіншіден, ксенофобия Ресейде де, басқа елдерде де бар нәрсе. Сондықтан біз бірігіп мемлекеттеріміздің  мүддесіне жұмыс істеуіміз керек.

Біздің аузымыздан шыққан сөз екі тараптың қарым-қатынасына нұқсан келтірмеуі керек», - деді ол.

[video width="448" height="640" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/12/video5224242595009404595.mp4"][/video]

Айта кетелік, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин  Қазақстанда орысфобия мен экстремизмнің дамып келе жатқанын айтқан.

Ол қазақ қоғамын ұлтшыл және радикалды ұрандар жаулап алды деп есептейді.


“Қазақстандағы ұлтшылдық пен радикалдық тенденциялардың барған сайын айқын байқалып жатқанына өкінішпен айта аламын және алаңдаймын.  Интернетте радикалды ұлтшылдар мүлдем қабылданбайтын талаптар, ұрандар және т.б. ұсынатын бейнероликтерге толы.  Оның үстіне бұл ұрандар русофобтық”, – деді елші.

Сондай-ақ, Бородавкин президент Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезінде қоғамдағы алауыздыққа және халық бірлігіне нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекеттердің жолын кесетінін жариялағанын атап өтті.

Елші бұдан былай ел басшылығы қазақ қоғамындағы ұлтшылдық пен радикалдық сезімді азайту шараларын қолға алады деп күтеді.

“Қайталап айтамын, қазір президент берген күшті мандатпен экстремистік ұлтшылдық сөздердің барлық түрлерін ауыздықтауға бағытталған қатаң шаралар жүзеге асырылады.  Бізден сұраса, көмектесеміз”, – деді ол.

Бұл ретте Төтенше Елші қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ арқылы бітімгершілік контингентінің енгізілуі елдегі тәртіпті тез арада қалпына келтіруге көмектескенін еске салған. Ол Қазақстан халқына өте жылдам әрі тиімді көмек үшін алғыс білдіретінін атап өткен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар