АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен болған әскери қақтығыс салдарынан америкалық қару-жарақ қорының кейбір түрлері азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Time басылымына берген сұхбатында ол елдегі кейбір оқ-дәрі қоры бұрынғы деңгейден төмен екенін айтты.
«Қазіргі уақытта кейбір оқ-дәрі түрлерінің қоры басқаларына қарағанда аздау», – деді Трамп.
Сонымен қатар АҚШ президенті елдің қорғаныс әлеуетін күшейту үшін жетекші әскери-өнеркәсіп компанияларымен келісім жасалғанын хабарлады.
Оның айтуынша, америкалық билік Raytheon және Lockheed Martin компанияларымен қару-жарақ қорын толықтыру және өндіріс көлемін арттыру жөнінде уағдаласқан.
«Олар Patriot және THAAD зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шығаратын төрт, бес, тіпті алты зауыт салып жатыр. Өндірістік қуат айтарлықтай ұлғайтылуда», – деді Трамп.