Ол Құдай қосқан қосағынан ұрпақ сүймеді. Бірақ мұны сылтауратып әйел үстіне әйел алмады... Жұбайының көңілін жықпады, махаббатына дақ түсірмеді...
Ол дүниенің соңына түспеді. Абыройды, ар мен намысты артық көрді. Өзіне келген сыйлықты қайырлы іске жұмсады...
Ол мен туып өскен Мақтаарал ауданын Өзбекстанға қосып жіберу саясатына қасқайып тұрып қарсы шықты...
Оның қарапайымдылығы сондай, көшеде күйзелген жанның көңілін көтеріп, жігерін оятты...
Ол... Ол... Дінмұхамед Қонаев атаның аңызға бергісіз өнегелі өмірін осылай жалғастыра беруге болады.
Жақсының артынан тек жақсы сөз ереді. Оны ұрпақ ұмытпақ емес. Жаның пейіште шалқысын, Димаш ата.
Ағабек Қонарбайұлы, журналист