Бұл жайында продюсер әлемжелідегі парақшасында жазды.
"Еліміздің мәдени өмірі қызып, көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Мыңдаған көрермен жинаған қазақстандық әртістермен бірге ашық аспан астындағы ән кештері ұйымдастырылуда. Алматыдағы Димаш Құдайбергеннің концерті дүниені дүр сілкіндіріп, ине-шаншар орынсыз өтті.
Ал Қазақстанға келетін ресейлік әртістер тек үлкен гонорар төленсе ғана өнер көрсетеді. Жарайды делік, Путиннің басқыншы саясатын айыптап, агрессияны қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин секілді нанын адал тауып отырған әртістерге ешқандай қарсылығым жоқ.
Алайда, астаналықтар дәл осы әншінің концертіне бармайтын шығарсыздар деген сенімдемін. Оның ұстанымын барлығыңыз білесіздер. Оны қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп жазды Алуа Қонарова.
Бұған пікір білдірген оқырмандар "Қонарованың бастамасын Қазақстанның өзге де өнер жұлдыздары қолдайды деген үміттеміз" дейді.
Киркоровтың концерті 5-ші қарашаға жоспарланған. Билет құны 80 мың теңгенің төңірегінде.
...
Айта кетелік бұған дейін Dalainside телеграм арнасы алдағы айларда Республика сарайын орыс әншілері брондай бастайтынын хабарлаған еді.
"Қазақстанға қоныс аударған 2 миллионға жуық ресейлік аздан кейін атажұртын сағынып, "играй гармонды" аңсай бастайды.
Соңғы жылдары елдегі орыс саны азаюы себепті сұраныстан қалып, ? әмияны ортайған ресейлік әншілер Қазақстанға үдере көшкен отандастарына үмітпен қарауда.
Орыс тілінің өрісі тарылғалы үлкен концертті ұмытып, Қапшағайдағы казиноларды жағалап кеткен Газманов, Гагарина, Билан, Лазарев секілді "путинистер" Республика сарайының сахнасынан түспейін деп тұр. Құдай берді деген осы.
Бұлар Кремльдің "жұмсақ күші". Астана мен Алматының билбордтары ресейлік әншілерді жарнамалай бастайтын күн жақын.
Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер орыстілді сервистің кеңістігін кеңітіп, енді-енді күш ала бастаған қазақтандыру процесін тежейтін түрі бар", – деп жазады телеграм арна.