"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Директорлар кеңесін басқаратын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешімімен ұйымның директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді: Е.К. Бердіғұлов лауазымынан босатылды; Н.Қ. Жақыпов сайланды", - делінген KASE сайтындағы хабарламада.
Айта кетсек, Нұрлан Жақыпов Қаршығаұлы 1978 жылы 31 наурызда дүниеге келген. 2001 жылы РФ Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Экономика бакалавры, экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
- 2001-2003 жылдары Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның (ENRC) қаржы сарапшысы;
- 2003-2004 жылдары Chambishi Metals PLC бизнес менеджері (Замбия, Китве қ.);
- 2004-2007 жылдары Research, Investment and Development Ltd жобалық менеджері (Ресей, Мәскеу қ.);
- 2007-2009 жылдары Credit Suisse биржада сатылымдағы компания акцияларының құны жөніндегі сарапшысы (Ресей, Мәскеу қ.);
- 2009-2011 жылдары "Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ Басқарма мүшесі, басқарушы директор;
- 2011-2012 жылдары "RBS (Kazakhstan) еншілес банкі" АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің директоры;
- 2012-2016 жылдары UBS AG Almaty Representative Office Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры;
- 2016-2017 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ" Басқарма мүшесі - Даму және инвестициялар бойынша басқарушы директоры;
- 2017-2019 жылдары "Астана" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы;
- 2019-2020 жылдары Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі;
- 2020-2023 жылдары "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. Басқарма төрағасы;
- 2023 жылғы сәуірден бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы.