Freedom Inside '26

Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу аяқталды

Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу аяқталды
ашық дереккөз

Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров хабарлады. 

Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1–7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат беріліп отырады, - дейді адвокат. 

Айта кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Нұрай Серікбай 11 рет пышақ жарақатын алған.

Кейінірек полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.

Бұған дейін күдікті жындыханаға жатқызылғаны, алайда ақыл-есі дұрыс екені айтылды.