Нөмір үшін ұзын-сонар кезек пен дүрбелең: МХҚКО-ларда не болып жатыр?

Сағыныш Сардарова 05 қаң. 2026 15:40

Елдің түкпір-түкпіріндегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекеттік тіркеу белгілерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін норма енгізілгені туралы ақпарат таралуына байланысты бүгінде еліміздің көптеген өңірінде мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет алушылар саны артты", – деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, барлық мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Азаматтарға қызмет көрсету қалыпты тәртіппен жүзеге асырылып жатыр, ақпараттық жүйелердің жұмысында техникалық ақау тіркелмеді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін редакцияға Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында түсірілген суреттер келді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар