1 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлік нөмірін еркін таңдай алады. Осыған байланысты Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы 5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алатынын айтқан еді.
"Кез келген әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ-ның құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", - деді ол.
Редакцияға келген суретте осы жаңалықтан кейін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейгені байқалады.

Әзірге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
Сонымен қатар, қазір қызметті онлайн жолмен алу да мүмкін емес.

