Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
фото: Курсив

Антикор Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Курсивке" сілтеп.

Іздеу ісі 3 наурызда Астанада тіркеліп, бастамашы прокуратура болды.

Арғын Нығматулин – «Сарыарқа хоккей клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты.