Біріккен Ұлттар Ұйымы мен гуманитарлық ұйымдар Непалдағы жойқын су тасқыны мен көшкіндерден зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін 49,6 миллион доллар көлемінде шұғыл қаржы бөлуді сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
БҰҰ мәліметінше, гуманитарлық көмек төрт айға есептелген және 84 мыңнан астам адамды қамтиды. Табиғи апат салдарынан мыңдаған тұрғын баспанасыз қалып, таза ауызсу мен ең қажетті тұрмыстық заттарға мұқтаж болып отыр.
Жоспар аясында зақымданған су жүйелерін қалпына келтіру, суды жедел тазартатын жабдықтар орнату және халыққа гигиеналық құралдар тарату көзделген. Сонымен қатар, гуманитарлық ұйымдар қыс мезгілі жақындағандықтан, таулы аудандардағы тұрғындарды аурулардың таралуынан қорғауға басымдық бермек.
Тамыз айының соңында Непал мен Қытай шекарасында болған алапат су тасқыны мен көшкіндер салдарынан 1200-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалған. Апат аймақтағы тұрғын үйлерді, жолдарды, көпірлерді және энергетикалық инфрақұрылымды қиратып кеткен.