Назарбаевтың немересі: "Атам Мәсімовке сенеді..."

Dalanews 17 қаң. 2017 05:34 1036

Назарбаевтың немересі Айсұлтан Елбасының айналасындағы өзіне жүктелген міндетті атқара алмай жүрген әрі жұлдыз ауруына шалдыққан азаматтарды сынға алыпты. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазған екен. Қысқартып, ең өткір деген тұстарын аударып бастық. Айсұлтан не дейді сонымен? 

Айтуынша, Қазақстанды алда үлкен сын күтіп тұр. Әлемдік геосаяси ахуал Қазақстанға да әсер етпей қоймайды. Ауыртпалықтың негізгі жүгі Президентке түспек. Назарбаев Қазақстанды қиындықтан құтқаратын жалғыз адам. Алайда оның айналасына қатысты күдік те, күмән де көп. Айсұлтан осыны айтыпты. 

"Иә, Президенттің жанында жүрген азаматтардың көпшілігі білікті, білімді. Бірақ, өз міндетін атқара алмай жүрген әрі жұлдыз ауруына шалдыққандары бар. Олар бұл аурудан айықпайды. Осы кеткені кеткен. Сорақысы, бұлар елді ойламайды. Бұлар өзін ойлайды. Жеке басын ойлайды. Соған сай әрекет етеді.

Бұлар айықпас ауруға шалдыққан деп айттым. Ал ауру адам мемлекеттік деңгейдегі мәселені шеше алмайды. Айтыңызшы, ертең бел шешіп іске кірісетін кезең келгенде бұлар атама қандай көмек көрсетеді? 

Көріп отырмыз. Мәсімов атамның айналасын жемқорлар мен жағымпаздардан тазартып жатыр.

Кезінде "халық жауы" деген болды. Осы сөзді қайта "тірілту" керек. Халықтың қаржысын жеп әбден тойынған шенеуніктерді осылай атау керек. Бұлар бір-біріне зиян келтірмейді. Кесірін халық көріп жатыр. 

Мен атамды жақсы білемін. Мәсімов атамның айналасын арам адамдардан толықтай тазартпайынша тоқтамайды, тынбайды. 

Мақсат анық. Ұры-қарыларды қамау.

Мемлекеттің адал қызметкерлері қорықпасын. Адалдың алды да, арты  да таза. Ал ұрының арты қуыс.

 Ұлттық банк төрағасы Ақышев пен Президент әкімшілігінің жетекшісі Жақсыбеков орынтағын сақтап қала ма? Маған осы қызық. Айналып келгенде олардың қарамағындағылар жемқорлықпен ұсталды, мемлекеттік деңгейдегі қылмыс жасады. Мен бұларды жақсы білемін (Ақышев пен Жақсыбековты айтып отыр). Олардың сыртынан әлдене бүлдіріп жүруге қоластындағылардың дәті жетпеуші еді...

Тексеру Өтемұратов пен Тасмағамбетовтың де бетпердесін ашады. Алайда бұл онсыз да анық жайт. Халықтан сұраңыз. "Бұлар біздің тонап болды" дейді ел. Абырой болғанда мұндай абыройсыздар біздің билікте аса көп емес. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" дейді бірақ.

"Ағашкалардың" тәуірі аяқталуға тақау. Қазақстан біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр. Осы кезеңде ҰҚК-ның жаңа төрағасы Мәсімовтың рөлі мен орны арта түседі" деп жазыпты Назарбаевтың немересі.

Сөзінің соңында Айсұлтан Қазақстанның болашағы баянды боларына, жемқорлар дәуірінің келмеске кетеріне сенім білдіріпті.

Аударған, Думан Бықай


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар