Назарбаевқа тарту? Мұның бәрі сандырақ - депутат Перуашев

Dalanews 25 мам. 2021 10:53 826

Әлемжеліде "Ақжол" партиясының лидері Азат Перуашевтың әлдебір алып ескерткіштің жанында түскен суреті қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Билікке жақын блогерлер: "Бұл Тұңғыш президенттің ескерткіші. Перуашев Назарбаевқа тосын сыйлық жасамақ. Түр-тұлғасы Елбасының жас кезіне ұқсайды" деп жорып үлгерді.

Билікшіл блогер Самат Нұртаза 6 шілдеде Түркістан қаласында Назарбаевқа арналған алып ескерткіштің бой көтеретін алғашқы болып хабарлады.

"Бұл Мәжілістегі оппозициялық "Ақ Жол" партиясының Нұрсұлтан Назарбаевқа деген тартуы. Оппозицияның өзі мойындаған Елбасыны, қалай мойындамайсың?", – деп жазды ол.

Әлемжелідегі гу-гу әңгіме Перуашевқа жетіп "Ақжол" басшысы бұл фотоның қайда және қашан түсірілгенін айтып берген екен.

"Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған бірнеше жұмысының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын. Қалғанының барлығы – әлдекімнің сандырағы ", - деп жазды Перуашев.



Әйткенмен Назарбаев ескерткіш орнатылады деген әңгіме тегін емес. Бұл туралы ақпаратты  Sputnik-ке пікір білдірген Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпарат орталығы растады.

"Кеше халықаралық онлайн конференция болды. Жиын ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, Түркі академиясының бірлесуімен өтті. Оны облыс әкімдігі мен университет ұйымдастырды. Ол жерде ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, осы облыста Назарбаевқа арнап ескерткіш қоюды ұсынды", - деді ақпарат орталығығының редакторы Ақерке Исабекова.

Айтуынша, жиынға қатысқандар бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған. Алайда оның қашан іске асатыны, ескерткіштің пішіні қандай болары әзірге анық емес.







Астана күнімен тұспа-тұс келетін Назарбаевтың туған соңы 15 жыл бойына толассыз тойланып келеді.


Ал президент Тоқаевтың отбасында туған күнді атап өтетін дәстүр жоқ. Мемлекет басшының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған былай деп түсініктеме берген:

"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған".

 







Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар