Назарбаев қоры бақылауындағы ресейлік банк 2024 жыл үшін рекордтық жоғары табыс туралы есеп берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2021 жылы «Назарбаев қоры» басқаруына өткен «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) қаржылық нәтижелер туралы есепті ұсынды. Ресей Орталық банкінің сайтында орналастырылған деректер бойынша, АТБ өткен жылы 11,3 миллиард рубль таза пайда тапқан. Ағымдағы бағам бойынша Қазақстан валютасына шаққанда бұл 59,2 миллиард теңгеден асады.
Банктің пайыздық табысы 31,2 миллиард рубльді (162,4 миллиард теңге) құрады. АТБ-нің табысы рекордты болып, соңғы айда 15,54% өсті.
Соңғы үш жыл ішінде, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры банкке иелік еткен кезеңде, ол 19,88 миллиард рубль (103 миллиардтан аса теңге) тапты.
АТБ 2021 жылы Ресей Орталық банкі финанс институтын саудаға шығарғаннан кейін Қазақстан экс-президентінің бақылауына өтті.
Сатып алушы - «Назарбаев қорына» және экс-президентпен байланысты басқа ұйымдарға тиесілі «Pioneer Capital Invest» ЖШС болды.
2024 жылы біз Назарбаев бастамасымен құрылған компания француздар бақылауына өткенін жазғанбыз.