Қазақстандағы «Алатау» санаторийін сату мәмілесінен Назарбаев әулетімен байланысы бар қор шамамен 50 млн доллар пайда көргені хабарланды. Мамандардың айтуынша, бұл сома жылжымайтын мүліктің нақты құнынан едәуір төмен: голландиялық Noord Holland Trading Company B.V. есебінде нысанның бағасы 174 млн доллар деп көрсетілген. Бірақ компания санаторийді шамамен үш есе арзанға сатып алды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Выход к морю" телеграм арнасына сілтеме жасап.
«Алатау» кешені 1986 жылы кеңестік шенеуніктер үшін салынған. 90-жылдардың ортасында мемлекеттік ХОЗУ корпорациясының қолына өткенімен, оны Назарбаевтың сенімді серігі саналатын марқұм Владимир Ни басқарды. Кейін жекешелендіру кезінде активтер арзанға сатылып, сатып алушылар қатарында елдің экс-президентіне жақын тұлғалар болған.
2017 жылға дейін «Алатаудың» акциялары миллиардер Владимир Ким мен санаторий директоры Оразгелді Түктібаевқа тиесілі офшорлық Karnell Holding компаниясының иелігінде еді. Түктібаев өз үлесін «Елбасы Қорының» жеке құрылымына өткізген соң, ғимарат қайта жаңартылып, Swissôtel желісінің басқаруына берілді. Жылына шамамен 11 млн доллар жалға алу ақысы төленіп келгені белгілі болды.
2022 жылдың қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаев бірқатар активінен айрылғаны туралы ақпарат шықты. Алматыдағы «Рублевка» деп аталатын аймақтағы резиденция мемлекеттің «Астана-20» қорының иелігіне өтті. Сол маңдағы 13 гектар жер учаскелері, қонақүйлер мен балалар лагерлері сияқты мүлік Noord Holland-қа жазылып, нәтижесінде голландиялық компания санаторийді үш есеге жуық арзан бағаға алды.
Noord Holland-тың қаржы есебінде компанияның түпкі иесі ретінде Лихтенштейндегі Woodbridge Foundation аталады, алайда мұндай ұйымды ол елдің тізілімінен табу мүмкін болмаған. Байланыс дерегінде Trevisa Treuhand Anstalt заң фирмасы көрсетіліп, оны Лихтенштейн заңгері Клеменс Латернзер басқарады. Ол Noord Holland-тың «жалғыз бенефициары» деп тіркелген.
Noord Holland директоры болып Нидерланд пен Ресей азаматшасы Анна Березина тағайындалған. Ол бұрын Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі бірнеше ірі активті өз атына рәсімдеген. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл құрылымдар құпия мен меншікке халықаралық соттарда мейлінше қорғаныс қамтамасыз ету үшін жасалған. Назарбаевқа жақын адамдар осылайша күрделі корпоративтік схемалар арқылы активтерді қауіпсіз аймаққа шығарды деген болжам бар.