QOSYMSHA.KZ: Елордада ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды

QOSYMSHA.KZ: Елордада ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашылды
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада QOSYMSHA.KZ жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жоба қосымша білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізуге бағытталған. Аталған бастама аясында елорданың 6 ауданында а...

Астанада QOSYMSHA.KZ жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жоба қосымша білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізуге бағытталған. Аталған бастама аясында елорданың 6 ауданында ата-аналар мен заңды өкілдерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін консультациялық пункттер жұмысын бастады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Консультациялық пункттерде ата-аналарға жаңа цифрлық платформаны пайдалану тәртібі мен кезеңдері туралы ақпарат тегін ұсынылады. Жауапты кеңесшілер ата-аналарға жүйені түсіндіруге, қажетті ұсыныстар беруге және тіркеу процесін егжей-тегжейлі түсіндіруге көмектеседі.

Ата-аналарға қолайлы болу үшін бұл пункттер сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істейді.

Консультациялық пункттердің мекенжайлары:

  • Алматы ауданы – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғылы, 5)

  • Байқоңыр ауданы – №1 өнер мектебі (Абай даңғылы, 74), №3 балалар музыка мектебі (Бейсекбаев көшесі, 3)

  • Есіл ауданы – №2 өнер мектебі (Достық көшесі, 13)

  • Нұра ауданы – №85 мектеп-лицей (Қабанбай батыр даңғылы, 56)

  • Сарыарқа ауданы – Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы (А. Мамбет көшесі, 1)

  • Сарайшық ауданы – №83 мектеп-гимназия (Байтұрсынов көшесі, 35)

QOSYMSHA.KZ жобасы – балалардың шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты ашық әрі әділ бөлуді қамтамасыз ететін ақпараттық цифрлық жүйе.