ТЖМ көктемде қай өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты

Көркем Алдабергенова 05 ақп. 2025 15:18 216

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов көктемде қай өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

«Егер елді мекендер санын ескерсек, бірінші орында Батыс Қазақстан облысы, одан кейін Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр», – деді Әрінов мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік,Қазақстанда 1223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

“Аймақтарда алдын алу және инженерлік жұмыстар жүргізіліп, олардың іске асырылуын ТЖМ бөлімшелері қадағалауда. Су тасқынының алдын алу шаралары республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда елімізде 1223 елді мекен су басу қаупі жоғары аймақтарда орналасқан”, – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, жалпы еліміз бойынша 1400 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар