Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар сатылымға шығарылады

Кәмшат Тілеухан 26 шіл. 2025 13:56

ҚР Ұлттық Банктің интернет дүкенінде Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар 2025 жылғы 29 шілдеден бастап сатыла бастайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары Ұлы қолбасшылар" сериясынан тұрады. 

"Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі  38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана", делінген хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар