NASA спутниктік бақылау жүйелері Ресейдегі ірі мұнай өңдеу нысандарының бірінде өрт болғанын көрсетті. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Агенттік мәліметінше, NASA-ның FIRMS жүйесі Ленинград облысындағы «Кириши» мұнай өңдеу зауыты маңында жылу аномалияларын және өрт белгілерін тіркеген. Бұл жағдай түнгі уақытта жасалған дрон шабуылынан кейін байқалған.
Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко өнеркәсіптік аймаққа соққы жасалғанын растады. Оның айтуынша, шабуыл нысанасы мұнай өңдеу зауыты болған. Алайда келтірілген залал көлемі туралы нақты ақпарат берілмеді.
Дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, тәулігіне шамамен 400 мың баррель мұнай өңдейтін зауыттағы өндіріс наурыз айының соңынан бері жасалған бірқатар шабуылдан кейін ең төменгі деңгейге дейін қысқаруы мүмкін.
Аталған кәсіпорын Сургутнефтегаз компаниясына тиесілі.