Митингке шығуға қатысты жаңа заң талқыланды

Dalanews 13 ақп. 2020 03:54 183

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері депутаттарға бейбіт жиындар туралы заң жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

Естеріңізде болар, қолданыстағы талап-ережеге өзгеріс енгіу қажеттілігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, тиісті орындарға тапсырма берген болатын.

Жаңа құжат азаматтық қоғам мүшелерінің қатысуымен және оншақты елдің тәжірибесіне сүйеніп әзірленген.

Заң жобасы 21 баптан тұрады. Бұрын 12 бап еді. Құжатта мемлекеттік органдардың да құзіреті айқындалған. Олар жиын орындарын өздері белгілейді. Шеруді ұйымдастырушылар арнайы белгі тағып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

– Шерулерге арналған көшелерді әкімдіктер анықтайды және халықпен талқыланады. Рұқсат берілген жерлер алдын ала жабылады. Жалпы бейбіт жиындар өтетін көшелерді анықтау кезінде инфрақұрылымдық қол жетімділік сақталады, сондай-ақ басқа азаматтардың құқықтары да ескеріледі, – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x