Министрлік сиыр етін экспорттауға тыйым салу туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 24 ақп. 2026 12:12

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір БАҚ-та тараған сиыр етін экспорттауға сыртқы нарықтар жабылды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің хабарлауынша, сыртқы сауда саласында шектеу енгізу туралы шешімдер бір ведомствоның жеке өзі қабылдайтын мәселе емес.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай шешімдер бірнеше мемлекеттік орган өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссияның құзыретіне жатады. Оның құрамына Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кіреді. Осылайша, экспорттық режимдерді енгізу немесе өзгерту туралы шешімдер барлық жағдайды жан-жақты талдау және комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде алқалы түрде қабылданады", - деді министр үкіметте өткен брифингте. 

Министрлік қазіргі уақытта сиыр етін экспорттауға қатысты қандай да бір тыйым немесе шектеу енгізу жөнінде шешім қабылданбағанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove