МС Сайлаубекті мақтаған Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобын сынап тастады

Dalanews 26 қыр. 2016 10:03 782

«Хабар» телеарнасында бүгін тұсауы кесілген «Компромат» бағдарламасында «Мұзарт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді.

«Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұңдап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті. Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Оны жігіттердің өздеріне де кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын.
Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде «өзім білемдікке» итермелемеңдер деп.

Әрине, сәнді киінгенді кім жек көреді. Бірақ, енді шектен шығып кетпеңдер. Қазір ғана қыздар жайында айттым. Қатты боянып, еріндерін үрлеп жіберді, көзі қайсы, түрі қайсысы білмей қаласың. Сол сияқты жігіттің сырға таққаны, шашын қызылды-жасылға бояғаны ұнамайды. Бұл жамандыққа бір қадам. Сол үшін ғана жігіттерді қолдамаймын. Әйтпесе жігіттердің өте талантты екендігін тағы да айтқым келеді. Бірақ, өздерінің табиғаты, болмысы, жасап жатқан қазаққа жат дүниелері қынжылтады», — деді ол бағдарлама жүргізушісінің сауалына орай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар