"Мойында, сонда бәрі бітеді, ал мойындамасаң...". Біртанов өз шындығын айтты

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2024 09:13 19842

Сотты болған экс-министр Елжан Біртанов "Уақыт көрсетеді" сұхбатында қалай мемлекеттік қызметке барғанын, сотталуына қандай себептер болғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Біртанов үш жыл денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Экс-шенеуніктің сөзінше, Назарбаев тағайындар алдында шақырған.

"2017 жылы бір үлкен министрлікті екі министрлікке бөлеміз" деп шешім қабылдады. Сол күні мені Нұрсұлтан Назарбаев қабылдауына шақырды. "Қандай ойларың бар?" деп сұрады. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша сұрады. 2015-те "Жүз нақты" қадам деген жоспардың ішінде "сақтандыру енгізуіміз қажет" деген. Жоспар бойынша 2017 жылы жазда енгізуіміз қажет болған. "Біз дайын емеспіз, халық та дайын емес. Тағы да уақыт керек" деп айттым. Маған сенген болуы мүмкін. Сол күні тағайындады. Әрі қарай жұмыс істедік. Қазір көп адам "Ескі Қазақстан", "Жаңа Қазақстан" деп айтады ғой. Мен медициналық саланың маманы болғаннан кейін ең маңызды мәселе - денсаулық сақтау жүйесі. Ол 30 жылда дамудан өтті: жақсылықтар да болды, жамандықтар да болды.

Мен кәсіби маман ретінде Ескі Қазақстан, Жаңа Қазақстан деп бөлмеймін.

Мен болашақ Қазақстанға сенемін. Қазір саяси жұмыстан кеттім ғой. Саясатта жүрген мемлекеттік қызмет адамдарына маңызды сұрақ (Назарбаевты жамандап, қазіргі жүйені мақтайындарға пікірі - еск.)", - дейді Біртанов.

2020 жылы Біртанов ұсталғаны белгілі болды. Оның айтуынша, жымқырды делінген ақшаны өздері алмаған, шетелдік компания алған. Бұрынғы министр өзінің ұсталуына қатысты болжамын да айтты.

"Көп жемқорлық ашылды. Жақтырмайтын азаматтар көбейді. Тікелей осы адам деп ойламаймын. Қазір мүлде ойламаймын. Болатыны болды. ...Қылмыс ойда болған жоқ. Ниет болған жоқ. "Жемқор" деп түрмеге отырғызды, соттады. Әрине, келіспейсің. Сот сондай шешімдерді қалай қабылдайды? Сол таңғалатыным. Содан қорқатыным. Тапсырма болса, таза адамды "жемқор" деп соттайды. Өзіміздің заңдарды бұзып жатады. Заңды қозғайтын азаматтар соны бұзады. Соны тоқтатуымыз қажет.

"Мойында, сонда бәрі бітеді, ертең сот болады, шартты мерзім береді" деді. "Ал мойындамасаң, жалғастырамыз, іс қозғаймыз" деді.

"Мойындамаймын, неменеге мойындаймын?! Істейтіндеріңізді істеңіздер" дедім. "Ертең түрмеге апарамыз" деп қорқытты. Бірақ, расында, екі-үш күннен кейін жаңа тергеуші келді, тағы бір іс қозғалды. Ол істе де ешқандай қылмыс болған жоқ. Нәтижесі жоқ", - деді экс-министр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар