Freedom Inside '26

Министр қой еті қымбаттауын той, банкет көбеюімен байланыстырды

Министр қой еті қымбаттауын той, банкет көбеюімен байланыстырды
ашық дереккөз

Кейінгі кезде елде қой еті қымбаттап кетті. Сауда және интеграция министрі бұған не себеп екенін түсіндірді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, ет қымбаттауына маусымдық сұраныс артуы, яғни Құрбан айт мерекесі мен түрлі той-думан, банкеттер көбеюі әсер еткен, деп хабарлайды dalanews.kz "Жетінші арнаға" сілтеп.

Алайда министр бұл жағдай уақытша құбылыс екенін жеткізді. Өйткені азық-түлік бағасы тек сұранысқа емес, нарықтағы жағдайға да тікелей байланысты. Мәселен, сиыр етінің бағасы бойынша Қазақстан әлемде баға төмен елдер қатарында қалып отыр. Жауапты министрлік пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр.

"Нарықта қой етін алмастыра алатын өнімдер жеткілікті. Олар - сиыр еті, жылқы және құс еті. Баға ешқашан бір орында тұрмайды, оған маусымдық факторлар әсер етеді. Нарықта сұраныс пен ұсыныс тең болған кезде ғана баға тұрақталады. Ет өнімдерінің 80 пайыздан астамы елімізде өндіріледі. Сондықтан біздің басты міндетіміз ө халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын бақылауда ұстап, қымбатшылыққа жол бермеу", - деді министр.