Freedom Inside '26

Министр Мырзабосынов қор-қорға қарсы шықты

Министр Мырзабосынов қор-қорға қарсы шықты
pixabay.com

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 9 маусымда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің кальянды заңдастыру туралы бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты журналистер Туризм және спорт министрлігінің ұстанымын сұрады.

Ербол Мырзабосынов қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.

«Заң бойынша қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. Біз өз тарапымыздан оны тұтынуға қарсымыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз, дене белсенділігін жақтаймыз», – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қазақстанда кальянға қатысты қолданыстағы тыйымды жеңілдету мүмкіндігі қарастырылып жатқанын растаған болатын.

Оның айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік органдар деңгейінде талқыланып жатыр. Алайда кальянды заңдастыруға қатысты түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.