Миллиардтаған теңге актив елге қайтты: Қарағанды облысында медицина мен ауыз суға қаржы бөлінді

Миллиардтаған теңге актив елге қайтты: Қарағанды облысында медицина мен ауыз суға қаржы бөлінді
shutterstock

Мемлекетке қайтарылған активтер Қарағанды облысының әлеуметтік дамуына бағытталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекетке қайтарылған активтер халықтың өмір сүру сапасын және өңірлік инфрақұрылымды дамытуды тікелей жақсартатын нақты әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталып жатыр. Осы жұмыс аясында Қарағанды облысында жалпы құны 20 млрд теңгеден асатын 65 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.

Құны 14 млрд теңгеден асатын 55 жоба азаматтардың денсаулығын қорғауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталды. Облыста жаңа фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Қолданыстағы ірі медициналық мекемелердің жабдықтары айтарлықтай жаңартылды.

Коммуналдық инфрақұрылым саласында жалпы сомасы шамамен 6 млрд теңге болатын 10 нысанның құрылысы аяқталып, Теміртау, Қарағанды қалаларының, сондай-ақ, Абай, Шет, Қарқаралы және Осакаров аудандарының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.