MG автокөлігін сатып алу бұрынғыдан да қолжетімді: бренд Қазақстандағы несие бағдарламаларын жаңартты

MG автокөлігін сатып алу бұрынғыдан да қолжетімді: бренд Қазақстандағы несие бағдарламаларын жаңартты

Енді жаңа MG автокөлігін бастапқы жарнасы 5%-дан бастап, 84 айға дейінгі мерзімге және ай сайынғы төлемі 90 057 теңгеден басталатын шарттармен сатып алуға болады. Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының басқаруындағы MG бренді седандар мен кроссоверлерді сатып алуды қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да қолжетімді ету мақсатында қаржыландыру бағдарламаларын жаңартты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сатып алушыларға «Таза пайда: икемді төлем» бағдарламасы аясында қаржыландырудың екі түрі ұсынылады: субсидияланған және стандартты несие бағдарламалары. Таңдалған модельге, жабдықталуына және ай сайынғы төлем мөлшеріне қарай өзіңізге ең қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік бар.

Субсидияланған несие бағдарламасы арнайы шарттармен LUXE жиынтығындағы автокөліктерді сатып алғысы келетін клиенттерге арналған. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 0,10%-дан бастап, бастапқы жарнасы 5%-дан және несие мерзімі 84 айға дейін ұсынылады.

Бағдарлама аясында қолжетімді модельдер:

  • MG HS LUXE — айына 119 364 теңгеден;
  • MG RX9 LUXE — айына 165 273 теңгеден.

Стандартты несие бағдарламасы MG брендінің барлық модельдік қатарына арналған. Шарттары: бастапқы жарна 5%-дан, несие мерзімі 84 айға дейін және ЖТСМ 25,10%-дан басталады.

Бағдарлама аясында:

  • MG 5 Comfort — айына 90 057 теңгеден;
  • MG 5 Luxe — айына 96 069 теңгеден;
  • MG ZS Comfort — айына 102 080 теңгеден;
  • MG ZS Luxe — айына 114 104 теңгеден;
  • MG HS Comfort — айына 132 139 теңгеден.

Бұдан бөлек, клиенттер үшін жеке қаржылық есептеу мүмкіндігі қарастырылған. MG ресми дилерлік орталықтарының мамандары бастапқы жарна көлеміне, несие мерзіміне және қалаған ай сайынғы төлем мөлшеріне қарай ең тиімді шарттарды таңдауға көмектеседі.

Қазақстанда ұсынылған барлық MG автокөліктері бастапқы жабдықталудың өзінде қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи жүйелерімен жабдықталған. Олардың қатарында қысқы пакет, Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайтын мультимедиялық жүйе, PM2.5 салоны сүзгісі және жүргізушіге арналған электрондық көмекші жүйелер бар.

Сонымен қатар брендтің барлық модельдеріне негізгі тораптар мен аспа жүйесіне 5 жыл немесе 150 000 шақырым жүріске дейінгі ресми кепілдік беріледі.

Несие шарттары бойынша толық ақпарат алып, жеке есептеу жүргізу немесе тест-драйвқа жазылу үшін Қазақстандағы барлық ресми MG дилерлік орталықтарына жүгінуге, брендтің ресми сайтына кіруге немесе 3388 қысқа нөміріне хабарласуға болады.