«Мен не біреуді өлтіремін, не өзім өлемін». Берденов Жиенбайдың қорқытулары туралы айтты

Көркем Алдабергенова 18 там. 2025 11:49

Шымкентте Ернар Жиенбай ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Отырыста жәбірленуші – қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов онлайн режимде куәлік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, ол айыпталушымен жақын таныс болмаған:

«Жиенбайды өмірімде үш рет қана көрдім. Екі рет жиында, үшінші рет ол оқ атқан кезде».

Берденовтің сөзінше, шабуылға бір апта қалғанда Жиенбай әкімдік инспекторы Асанбай Ахметаевқа қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсеткен:

«Мен не біреуді өлтіремін, не өзім өлемін».

Ахметаев Жиенбайдың мас болуы мүмкін деп ойлап, бұл сөзге мән бермеген.

Еске салсақ, сот процесі 6 тамызда басталған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар