Мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жетті – Дархан Қыдырәлі

Dalanews 28 сәу. 2023 10:18 931

Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» интернет форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы үлесі арта түсті. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83 пайызды құрады. Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77 пайызға жетсе, баспа БАҚ-тағы – 85 пайыз, интернет-ресурстарда – 87 пайызға жетті, – деп министр маңызды деректермен бөлісті.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақ тілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да арта түскен.


Қазақстандық ресурстарда PR мақалалардың орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.

– Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр, – деді Дархан Қыдырәлі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар